1976 жылы Түркияның онколгиялық ауруханасында төмендегі оқиға болады. Халық Нұрбақы атты бас дәрігер әңгімелейді.
Дәрігер айтады, бірде мен жұмыс істейтін ауруханаға Сираб есімді бір жас қыз түсті. Сирабтың өкпесінде рак болды. Өте ауыр демалады. Ауру оны жегідей жеп жатты.
Ол шетелде емделуді ойлады, бірақ оған жағдайы көтермейді. Содан мен Сирабты өз қарауыма алып емдей бастадым, арада төрт жыл өткенде қыздың денсаулығы жақсара түсті, содан ол Измир қаласына барғысы келді.
Мезгіл қыс болатын, мен дәрігер ретінде келісімімді бердім, тек оған ескерттім, жолға ұшақпен шығасың деп, ал ол болса әуежайдан билет таппай, менен жасырын автобуспен кетіпті, жолда Сираб мінген көлік апатқа ұшырап, жолаушылар алты сағат бойы жаяу жүріп, қалаға жетеді.
Денесіне ауырлық түскен Сираб содан ауруы асқынып демала алмай қалады, рак өкпесін қысып, тыныс жолын бітеп, түгел тарап, сүйегіне шабады, арнайы қондырғымен демалады.
Сираб кислород маскасын алса дем жетпей қиналады. Мен ол жайлы естіген бойда үйіне бардым, сонда маскасын алып маған жәудірей қараған Сираб: "Дәрігерім, мен сізге өте қатты ренжіп қалдым" деді.
Мен не болғанын түсінбей оған жақындадым. Сираб сонда: "Сіз Аллаға сенетін мұсылман дәрігер екенсіз ғой, маған неге дін туралы, Алла қақында, өлім мен ақырет туралы неге түсіндірмегенсіз, менің жағдайымдағы мұсылман адам не істеуі керек?" деді.
Мен абдырап: "Біз дәрігерміз. Ақшасын төлесе ауруды емдейміз, ал оның иманы өзіне байланысты мәселе, онымен айналыспаймыз.
Ал сенің айтқандарыңды түсіндіру үшін адамда ниет шын болуы керек" деп едім, Сираб менің ниетім таза деп менен Құдай турлы, оның елшісі жайлы сұрай бастады. Иә, оның санаулы уақыты қалған болатын. Әрі кетсе бір аптадай өмірі бар.
Енді оған дәрінің көмегі керексіз еді, оның орнына біз дін жайлы сөйлестік, Сираб менің әр сөзімді қағып алып, терең түсінді. Ол маған түрлі сауалдар қойып, білімін өсіре түсті.
Санаулы күн қалғанда ол менен сұрады, дәрігерім, өлім алдында мен не деуім керек, менің жағдайымдағы ауру адам не істейді деп сұрады.
Иә, Сирабтың ахуалы өте ауыр болатын. Мен оған ажал таяған сәтте сен кәлима шаһадатты толық айта алмассың, оған сенің өкпең шыдамайды, тынысың жетпейді, Сираб, сен тек "Мұхаммед с. ғ. у" деп елшімізге салауат айтсаң болды дедім.
Қиналып жатса да Сираб маған қарап жымиды.Ауруы жанына өте батты, оны ұйықтасын деп морфий екті, уытты, дәрінің күшімен соңғы күндерін өткізіп жатты. Мен қызмет бабымен басқа қалаға кеттім.
Қайтып оралсам, Сирабтың шешесі маған айтады, дәрігер, Сираб морфийден бас тартты, бізді жанына жуытпайды, өте қиналып жатыр, ауруы күшейгені сондай түнді көз ілмей атырады, сөйлесіңізші деді.
Мен Сирабқа барып, жағдайын көрдім, қатты қиналып кеткені көрініп тұр. Өте аянышты халде екен, сен неге дәріні еккізбей жатсың, жеңіл болады, өзіңді неге бұлай қинайсың деген сөзіме берген оның жауабына қайран қалмасқа болмайды.
Сираб маған былай деді, дәрігерім, мені морфимен егіп кеткен соң мен ұйықтап кеткенімде ажал жетіп келсе қайтем.
Дәрінің кесірінен мен "Мұхаммед" деп айта алмай қалсам қайтемін, дегенде мен үндей алмадым, Сирабиың иманы өте күшті еді, ертеңіне мен оны дәрі егуге көндірдім.
Өйткені оның жанының қиналғанын көру сондай ауыр еді, Сираб морфий егуге келісіп тұрып және сұрады, дәрігерім, өлім періштесі маған қандай кейіпте келеді, деді.
Мен не дейін қапелімде, Сирабқа қарап, ол періште емес пе, ол саған сымбатты ханзада бейнесінде келеді дедім, қыз жымиып қала барды. Оның соңғы сәті тақап қалған болатын.
Ертеңіне маған қыздың шешесі қоңырау шалды, Сираб өте қатты қиналып жатыр деп, мен келгенде ол бұд дүниеден о дүниеге аттанып кетіпті, үлгермеппін.
Сирабтың отбасы қайғырып қалды. Мен көңіл айтып, жұбату сөзін айтудамын, сол сәтте Сирабтың бір туысқан апасы мені көріп қалып, былай деп әңгіме айтты.
Дәрігер, сіз келерден жарты сағат, жоға, жиырма минут бұрын бұл үйде, Сираб жатқан бөлмеде не болды дейсіз ғой, ғажап оқиға болды, ауырып жатқан Сираб төсегінен дым болмағандай тұрды.
Кислород маскасын сыпырып тастап, өз аяғымен барып дәретін алды, сосын екі бас намаз оқыды, төсегіне жатып, бәрімізге күлімсірей қарап:
“Дәрігерге айтарсыздар, өлім періштесі ол айтқаннан да сұлу, өте нұрлы екен!" - деп жастыққа басын қойып сіз үйреткен сөзді айтып, мәңгілікке ұйықтап кетті.
Мұнайдар Балмолда.